Коронавирус пен бизнес: Нұр-Сұлтан бюджеті 60 миллиард теңгеден қағылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Коронавирус пен бизнес: Нұр-Сұлтан бюджеті 60 миллиард теңгеден қағылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120568123021397.webp)
Елорда әкімі Алтай Көлгінов ОКҚ-да өткен онлайн брифингте мемлекет тарапынан шағын және орта бизнеске қандай көмек көрсетіліп жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Елімізде бизнесті қолдау шаралары қабылданды. Екінші деңгейлі банктер де кредитті кейінге шегеру бойынша көмек көрсетуде. Сонымен қатар Мемлекет басшысының шешімі бойынша шағын және орта бизнес өкілдері 1 қазанға дейін салықтан босатылды. Сондай-ақ басқа да жеңілдіктер қарастырылды. Бізде 55 пайыз кіріс шағын және орта бизнестен болғандықтан, қазіргі уақытта экономикалық қиындықтарды сезініп отырмыз. Біз ғана емес, бұл жағдай бүкіл әлем экономикасында да бар. Бизнес өкілдерінің басым көпшілігі салықтан босатылғандықтан, қала 60 миллиард теңгеден қағылады. Алайда қазіргі жағдайда бізге мемлекет тарапынан қабылданған «Жұмыспен қамтудың жол картасының» көмегі тиіп жатыр», – деді қала басшысы.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)