Мемлекет басшысы Наталья Годунованы қабылдады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мемлекет басшысы Наталья Годунованы қабылдады
ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды Елорда Инфо, Ақордаға сілтеме жасап. Қазақстан Президентіне еліміздегі коронавирус пандемиясына қарсы күрес шараларына бөлінген қаржының жұмсалуына мониторинг жүргізу жұмыстары жайында баяндалды. Есеп комитеті басшысының айтуынша, қаржы шығындарын бақылау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезекте Қаржы министрлігімен бірлесіп, мемлекеттік сатып алулар мен камералық бақылауға тексеріс жүргізіледі. Екінші кезеңде Есеп комитеті еліміздің 17 өңіріне бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне ревизия жасайды.