iKomek109 қызметіне коронавирусқа қатысты 300 мың хабарлама түсті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
iKomek109 қызметіне коронавирусқа қатысты 300 мың хабарлама түсті
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов онлайн брифинг барысында қалалық жедел штабқа атқарған жұмысына тоқталып өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Қалалық жедел штаб жұмысын жалғастыра береді. Оның міндеті – жүргізіліп жатқан жұмысты тәулік бойы үйлестіру. Біріншіден, ақпараттандыру және азаматтармен өзара іс-қимыл қызметі. Біз онлайн да, оффлайн режимде де жұмыс істедік. Жедел штаб тәулік бойы қызмет атқарды. Онлайн түрде 109 қызметі жұмыс істеді. Жыл басынан бері 109 қызметіне 1 млн-нан аса хабарлама түссе, оның ішінде 300 мыңнан астамы ТЖ жағдайы, коронавирус, емделу жолдары немесе карантинге қатысты жолданды», - дейді елорда әкімі. Шаһар әкімі сөз арасында қалалық штабқа күніне қанша адам жүгінгенін айтып өтті. «Қалалық жедел штабқа күніне 600-ге жуық адам жүгінді. Штабқа үлкен жұмыс жүктелді. Осы кезеңде 15 мың адам хабарласты. Олардың сауалдары бірден шешілді. Негізінен жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек алу жолдары секілді мәселелермен келді. Бұл жұмыс әлі де жалғасып жатыр. Осыдан кейін біз ХҚО-ларды, арнайы ХҚО-ларды, «Жанұя» орталығының жұмысын қайта іске қостық», - дейді әкім.