Вирус қалды, ол ешқайда кеткен жоқ – А.Көлгінов
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Вирус қалды, ол ешқайда кеткен жоқ – А.Көлгінов](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120579525038823.webp)
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов онлайн брифингте карантин тәртібін сақтауға жауапкершілікпен қараған тұрғындарға ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Азаматтарымызға ең қауіпті кезеңде оқшаулануды және төтенше жағдай режимінің ережелерін қатаң сақтағаны үшін ризашылығымды білдіремін. Тұрғындар карантин тәртібін сақтауға жауапкершілікпен қарады. Бұл коронавирус инфекциясын таратпауға және медициналық мекемелер мен дәрігерлер жүктемесін азайтуға мүмкіндік берді. Алайда төтенше жағдай режимі тоқтатылғаннан кейін көшелер мен адам көп жиналатын орындарда жүргендер саны артты. Кезең-кезеңмен шағын және орта бизнес жұмысына рұқсат берілді, саябақтар мен гүлбақтары, сауда, ойын-сауық орталықтары, базарлар және басқа да орындар ашылды. Барлығына алгоритм жасалып, бекітілді. Дегенмен вирустың таралу қаупі әлі де бар. Вирус қалды, ол ешқайда кеткен жоқ», – деді елорда әкімі.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)