Биыл теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі бұзылған 265 оқиға тіркелді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Биыл теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі бұзылған 265 оқиға тіркелді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120563436364212.webp)
Биылғы І тоқсанда елімізде теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі бұзылған 265 оқиға тіркелді, деп хабарлайды Елорда Инфо ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2020 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың 265 оқиғасы орын алды, оның ішінде 2 апат, 65 жағдай және 198 оқиға тіркелді. «Көліктік бақылау органдары осы кезеңде өз қызметін теміржол көлігінде жүзеге асыратын 25 кәсіпорынға тексеру жүргізді, оның ішінде 1 800 шақырымнан астам магистральдық, станциялық, кірме жолдарды және 409 бірлік жылжымалы құрамды тексерді», - делінген хабарламада. Тексеру барысында теміржол көлігіндегі қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық актілер талаптарының 37 бұзушылығы анықталды. Жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіретін анықталған бұзушылықтар бойынша 50 бірлік жылжымалы құрамды, 6 теміржол және бағыттамалы бұрмаларды пайдалану тоқтатылды. Көліктік бақылау органдарымен 2020 жылдың І тоқсанында 105 млн астам теңге айыппұл өндірілді. Аумақтық көліктік бақылау органдары биыл алғашқы үй айда 250 жолаушылар пойызын жолаушыларды тасымалдау ережесі талаптарына сәйкестігін тексеріп, 156 билетсіз жолаушы және 2 125 келі рәсімделмеген жүк тасымалданғаны анықталды.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)