Нұр-Сұлтанда «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқу маусым айында басталады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұр-Сұлтанда «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқу маусым айында басталады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17212058853971515.webp)
Биыл карантиндік шараларды ескере отырып, кәсіпкерлік негіздері бойынша оқу «Atameken Academy» платформасында онлайн форматында 10 маусымнан басталады, деп хабарлайды Елорда Инфо. Жобаға жұмыссыздар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қызметкерлердің жекелеген санаттары, соның ішінде: -ауылдық жер, қалалар, сондай-ақ моно және шағын қалалар тұрғындары; - медициналық қорытынды бойынша денсаулығы еңбекке жарамды деп танылған немесе олардың денсаулығына және басқа адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтін мүмкіңдігі шектеулі жандар; - зейнет демалысына дейінгі 50 жастан асқан адамдар; -жастар, соның ішінде NEET санатындағы қыз-жігіттер; -аз қамтылған және/немесе көп балалы отбасы мүшелері; - ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақылық қамтамасыз ету туралы» ҚР заңының 11-бабы 1 тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген ауыл шаруашылығы кооперативтері, зәкірлік кооперацияларды қоса алғанда шаруа және фермерлік қожалықтар мүшелері; -қоныс аударғандар мен оралмандар қатыса алады. Оқу мерзімі 21 күннен аспайды, оқу соңында сертификат беріледі. Онлайн-оқуға тіркелу үшін құжаттар көшірмесімен қоса өтінішті Жұмыспен қамту орталығына өткізу керек. Жұмыспен қамту орталығы үміткердің жобаға сәйкес келуін анықтаған соң, оқуға жолдама береді.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)