Жыл басынан бері Қазақстанда 48 адам суға кетті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Жыл басынан бері Қазақстанда 48 адам суға кетті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17212058719279588.webp)
Жыл басынан бері еліміздің суайдындарында 48 адам, оның ішінде 16 бала суға батып көз жұмды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Жыл басынан бері еліміздің суайдындарында 48 адам, оның ішінде 16 бала суға батып көз жұмды. Оның ішінде 24 адам балық аулау кезінде қағидаларды сақтамау себебі бойынша, 6 адам (оның ішінде 2 бала) жабдықталмаған жерлерде шомылу кезінде, 8 бала суға құлау салдарынан (балаларды қараусыз қалдыру), 4 адам мас күйінде шомылғанда, 6 бала мұз астына түсіп кетті. Елімізде суға шомылу маусымы ресми түрде 1 маусымда басталғанына қарамастан, өңірлерде тұрғындар жылы күнді пайдаланып, тыйым салынған жерлерде шомылады. Тек өткен аптада ғана суайдындарында 10 адам, оның ішінде 3 бала көз жұмды. Бүгінгі күні елімізде суға шомылуға арналған ресми орындар анықталды, бұл 111 қалалық, 481 жеке жағажайлар.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)