Министр мектеп бітіргеннен кейін бірден университетке түсе алмағанын айтты
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Министр мектеп бітіргеннен кейін бірден университетке түсе алмағанын айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120580938259444.webp)
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп бітірушілеріне, колледж бен университет түлектеріне сәт сапар тіледі, деп хабарлайды Елорда Инфо. «2020 жылдың түлектеріне жеке тоқталғым келеді. Құрметті, мектеп бітірушілер, колледж бен университет түлектері! Әркім болашағының жарқын болғанын армандайды. Сіздер мықты ғалым, табысты кәсіпкер ғана емес, адамгершілігі зор жақсы адам, биік тұлға болатындықтарыңызға сенімдімін. Тәуекелге бару арқылы ғана әркім өзі армандаған мамандықтың иесі бола алады. Ең бастысы мүмкіндіктерді пайдалана білу керек. Еш қорықпаңыздар. Алған беттен қайтпау өте маңызды екенін өз басым білемін. Нақты қадам жасап, ойыңыздағыны іске асыру керек», – деді Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жарияланған құттықтауында. Сондай-ақ министрдің өзі мектеп бітіргеннен кейін бірден университетке түсе алмағандығын айтты. «Одан ұялудың еш қажеті жоқ. Менің алдымда екі таңдау болды. Біріншісі – ақылы түрде оқу, екіншісі – 1 жыл дайындалып, кейін ҰБТ-ға қайта тапсыру. Сол кезде 1 жыл дайындалып, тестті қайта тапсырамын деп шешім қабылдадым. 1 жыл уақытымды табанды дайындық пен жұмысқа арнап, нәтижесінде келесі жылы армандаған грантқа қол жеткізген болатынмын», – деді ол. Сонымен қатар Асхат Аймағамбетов түлектерді қателік жасаудан қорықпауға, егер қателескен жағдайда содан сабақ алуға шақырды.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)