«Кедергілерді жеңу» фильмі үш фестивальге қатысады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Кедергілерді жеңу» фильмі үш фестивальге қатысады
ашық дереккөз

Режиссер Бану Рамазанованың «Кедергілерді жеңу» деректі фильмі үш бірдей беделді халықаралық фестивальге қатысады, деп хабарлайды Елорда Инфо "Қазақфильм" киностудиясының ресми сайтына сілтеме жасап.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапысырысымен «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген деректің фильмнің желісі 1952 жылы Жамбыл маңындағы Луговское жылқы зауытында туған Совет заманындағы жылқы спортының аңызы болған «Абсент» ақалтекесі туралы және тәуелсіз Қазақстандағы конкурдың жағдайын баяндайды.

«Кедергілерді жеңу» фильмі менің жүрегімде ерекше орын алады, менің дебюттік жұмысым болғандықтан ғана емес, бір жыл бойы жұмыс істеген фильмнің арқасында тамаша адамдармен – біздің кейіпкерлерімізбен танысқаным үшін де ыстық. Біз олардың қалай ат таңдағанына, жылқылар ауырған кезде қалай уайымдағанына, төрт жылдан артық өткізілмеген Қазақстандағы Әлем Кубогының кезеңіне дайындығын және өздерінің жетістіктеріне қалай қуанғанына куә болдық», – деді фильмнің режиссері Бану Рамазанова.

Деректі фильм 2020 жылы 30-31 мамырда Стамбулда өтетін Anatolia International Film Festival халықаралық кинофестивалінің басты байқауына қатысады. Деректі фильм «Ең үздік деректі», «Үздік музыкалық фильм» және «Үздік режиссер» үш аталымы бойынша бәйгеге түседі. Жылына екі рет өтетін кинобайқау бағдарламасына қысқа, толықметражды көркем фильмдер мен деректі фильмдер кіреді.

«Бүгінгі таңда бәріміз, фильмдегідей, коронавирустың таралуына байланысты кедергілерді жеңудеміз. COVID-19 барлық салаларда, атап айтқанда кино индустрияға да айтарлықтай кедергілер тудыруда. Фильмімізді ұсынған көптеген фестивальдер пандемияға байланысты кейінге шегерілді. Бірақ, соған қарамастан, біз бұл кедергіден өтіп, фестивальдердің негізгі конкурсына іліндік. Бұл жолы біз бұрынғы өмірімізге жеңімпаз болып ораламыз», – деді режиссер.

Фильм сонымен қатар алдағы 1-7 тамыз аралығында Грекияда өтетін  7-ші Иераптера Халықаралық деректі фильмдер фестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасында ұсынылады. Ашық аспан астында өтетін фестиваль бүкіл әлемдегі деректі фильмдерге арналған және жас әрі тәуелсіз режиссерлердің жұмысын қолдайтын, өнердің жетекші түрі ретінде осы жанрды насихаттауға арналған. Биылғы көрсетілім ғылыми зерттеулер мен инновацияларға арналады.

Айта кетсек, «Кедергілерді жеңу» картинасы Docs Without Borders Film Festival кинофестивалінің негізігі конкурсына қатысады. Америкадағы ең ірі деректі фильмдер кинофестивальдерінің бірі 23-30 тамыз аралығында өтеді.