Елордада Қабанбай батыр даңғылын жаңарту жұмыстары маусым айында басталады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада Қабанбай батыр даңғылын жаңарту жұмыстары маусым айында басталады
ашық дереккөз

Есіл өзені көпірінен «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына» дейінгі аралықтағы Қабанбай батыр даңғылын жаңарту жұмыстары ағымдағы жылдың 1 маусымында басталады, деп хабарлайды Елорда Инфо Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов елорда үшін маңызды нысанның құрылыс науқанына дайындығын тексерді. Жоба аясында жалпы ұзындығы 17,353 шақырымды құрайтын «Салтанат сарайы» мен «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» арасында жатқан Қабанбай батыр даңғылын 6-8 жолаққа дейін кеңейту көзделген. Бұдан бөлек, жаңарту жұмыстарынан өткен соң елордада Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының арасында көліктік торап пайда болады. Жоба көлік ағынын арттырып, аталған жолда жиі болып тұратын көлік кептелісін азайтуға септігін тигізеді. Мердігер ұйым –  China Xinxing Group Co., Ltd компаниясы мен «СП Сине Мидас Строй» ЖШС консорциумы. Келісім негізіндегі сома – 88 985,9 млн теңге.