Колледжерге құжат тапсыру қалай жүргізіледі

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Колледжерге құжат тапсыру қалай жүргізіледі
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова колледждерге құжат тапсыру жайлы түсіндіре отырып, талапкерлерге жасалатын жағдайдан да хабардар етті. Бұл туралы Елорда Инфо тілшісі хабарлайды. «Биыл қызметтер реестріне сәйкес колледждерге құжат қабылдау автоматтандырылған және egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады. Порталда талапкерлер, ата-аналар немесе заңды өкілдері білім туралы құжаттың электрондық көшірмесін және фотосуреттерін қоса тіркей отырып, электрондық нысанда өтініш бере алады. Ал өзге медициналық анықтамалар Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінен алынатын болады», - деді басқарма басшысы. Ол сөз арасында құжат тапсыру кезінде талапкерлерге жасалатын жағдайдан хабардар етті. «Сондай-ақ құжаттарды портал арқылы тапсыру кезінде талапкердің жатақханада орын алуға және тегін тамақтануға мүмкіндігі бар. Себебі талапкердің әлеуметтік мәртебесі сол жерде анықталады. Қабылдау комиссиялары құжаттарды қарау қорытындысы бойынша талапкерлерге құжаттарды қабылдау туралы хабарлама, конкурс және арнайы емтихан өткізу күнін жібереді», - деп түсіндірді Шолпан Қадырова.