Кәсіптік және техникалық білім беруге бюджет есебінен 3 600 орын қарастырылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Кәсіптік және техникалық білім беруге бюджет есебінен 3 600 орын қарастырылды
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова онлайн брифингте кәсіптік және техникалық білім беру саласы туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Кәсіптік және техникалық білім беру саласы туралы айтатын болсақ, бүгінгі таңда мемлекеттік білім беру тапсырысы жергілікті бюджет есебінен 21 колледжде 3 600 орынға, оның ішінде 9-сынып базасында 2 890 орын, 11-сынып базасында 710 орын, экономиканың келесі салалары бойынша орналастырылды. Олар – білім беру, медицина, фармацевтика, сервис және қызмет көрсету, маркетинг, энергетика, көлік, өндіру, монтаждау, пайдалану және жөндеу, байланыс, телекомуникация және аппараттық технологиялар, құрылыс, коммуналдық шаруашылық және экология», – деді ол.