1-сыныпқа құжат қабылдау egov.kz арқылы жүзеге асырылады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
1-сыныпқа құжат қабылдау egov.kz арқылы жүзеге асырылады
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова онлайн баспасөз конференциясы барысында балаларды мектепке қабылдау жұмысымен таныстырып өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Балаларды 1-сыныпқа қабылдау, мектептен мектепке, сыныптан сыныпқа ауыстыру қызметі egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады. Ата-аналар порталда білім беру бөлімінде орта білім беру бөлімін таңдау арқылы кіріп, өтініш береді және қажетті құжаттарды тіркейді. Құжаттар тапсыру мерзімі 15 минут. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электронды. Ата-ананың жеке кабинетіне баланың қабылданғаны, не болмаса қабылданбағаны туралы хабарлама келеді», - деді басқарма басшысы. Ол өз сөзінде ата-ананың тапсыруы тиіс құжаттарына тоқталып өтті. «Бұл үшін ата-ана төрт құжат қана тапсырады: баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, бала денсаулығының паспорты, 026/у-3 формасы, 063 - у нысан бойынша денсаулық жағдайы бойынша құжаты, 3х4 көлеміндегі фотоның екі данасы. Мектептің қабылдау комиссиясы оқуға өтініш берген кезде басқа қосымша құжаттарды талап етпеуі тиіс», - деді Шолпан Қадырова.