Шолпан Қадырова: Түлектерге аттестат 3 маусым күні тапсырылады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Шолпан Қадырова: Түлектерге аттестат 3 маусым күні тапсырылады
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова аттестат табыстау мен мектеп бітіру кешіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «3 маусым күні барлық мектепте 11-сынып түлектері үшін атестаттар және алтын белгі тапсыру рәсімі өтеді. Іс-шара мектеп аумағында ашық аспан астында ұйымдастырылады. Түлектердің мектеп формасымен қатысу қатаң түрде ескертіледі. Салтанатты рәсімнен кейін Түлектер аллеясына ағаш отырғызу жоспарлануда», - деді білім басқармасының басшысы. Ол өз сөзінде мектеп бітіру кешін өткізуге тыйым салынатынын қатаң түрде ескертті. «Мектеп әкімшілігіне оқу бітіру іс-шарасын өткізу кезінде құқықбұзушылыққа, мейрамханалар мен дәмханаларда кештер өткізуге жол бермеу тапсырылды», - дейді Шолпан Қадырова.