27 мамыр күні Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3 отырысы өтеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
27 мамыр күні Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3 отырысы өтеді
ашық дереккөз

27 мамыр күні Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3 отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3 отырысы 27 мамыр күні онлайн форматта өтеді. Оған еліміздің әр аймағынан арнайы қосылымдар ұйымдастырылады. Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсынысына сәйкес, алдағы отырыстың күн тәртібінде адами капиталдың дамуы, соның ішінде, білім беру саласын дамыту мәселесі қаралмақ. Ақпан айынан бастап, аталған тақырып шеңберінде Ұлттық кеңес мүшелері тиісті сараптама жасап, өз ұсыныстарын дайындауға кіріскен. Кеңес мүшелерінің ұсыныстары алдағы жиналыста талқыланатын болады», деп көрсетті Е.Қарин.