Қазақстандық каскадерлер Taurus World Stunt Awards жүлдесіне үміткер ретінде ұсынылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстандық каскадерлер Taurus World Stunt Awards жүлдесіне үміткер ретінде ұсынылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120588620410361.webp)
Танымал қазақстандық каскадер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жайдарбек Күнгужинов және оның Nomad Stunts командасы режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» тарихи фильмінде қойған трюктері үшін Taurus World Stunt Awards жүлдесіне ұсынылды, деп хабарлайды Елорда Инфо "Қазақфильм" киностудиясының ресми сайтына сілтеме жасап.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Sataifilm компаниясының қатысуымен «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген «Томирис» картинасы «Шетелдік фильмде қойылған үздік трюктер» номинациясындағы марапаттың қысқа тізіміне енді. Қазақстандық фильммен бірге Ресей, Украина, Италия және Мысыр елінің туындылары бақ сынайды.
Айта кетсек, Taurus World Stunt Awards – 2001 жылдан бері Лос-Анжелесте өткізілетін жыл сайынғы көркем фильмдердегі үздік көріністері үшін, әлемнің үздік трюк шеберлерін марапаттайтын рәсім.
«Taurus World Stunt Awards назарға ілікпейті кино кейіпкерлеріне, әлемдегі ең үздік трюк жасайтын мамандарға беріледі. Олар көпшіліктің көңілінен шығатын ең батыл амалдарды орындай отырып, өз өмірлерін қатерге тігеді», – делінген жүлденің ресми сайтында.
Сыйлық бірнеше санаттағы ең үздік трюктер үшін беріледі, олар: өрттегі ең үздік трюктер, биіктіктегі ең үздік трюктер, көліктермен жасалған үздік жұмыс, үздік жекпе-жектер көрінісі, ең үздік арнайы трюктер, соқтығысы бар ең үздік трюктер, әйелдер арасындағы ең үздік трюктер және т.б.
Биылғы 9 мамырына белгіленген марапаттау рәсімі коронавирустық пандемияға байланысты белгісіз мерзімге шегерілді.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)