НЗМ оқуға үміткерлерді конкурстық іріктеу 20-21 маусымда өтеді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![НЗМ оқуға үміткерлерді конкурстық іріктеу 20-21 маусымда өтеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120604513560538.webp)
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқуға үміткерлерді конкурстық іріктеу 2020 жылдың 20-21 маусымында өтеді. Мектеп әкімшілігі коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша санитарлық және эпидемияға қарсы шаралардың күшейтілуіне байланысты конкурстық іріктеуден өту кезінде санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Мектеп аумағына тек қана маска киген үміткерлер жіберіледі (өзімен бірге ауыстыру үшін қосымша маска болу керек). Дене қызуы жоғары үміткерлер тестілеуден өту үшін мектеп ғимаратына жіберілмейді. «Үміткер мектеп аумағында және ғимаратында жүргенде, сондай-ақ тестілеуге тіркелу кезінде: басқа үміткерлермен 1 метрден кем емес қашықтықты сақтау және едендік белгілер бойынша қозғалу керек; мектеп ғимаратына кіре берісте аяқ киімнің табанын дезинфекциялау кілемшесінде дезинфекциялау құралымен зарарсыздандыру керек; қолды антисептикпен өңдеу керек; байланыссыз термометрияны өту керек; тұлғаны сәйкестендіру рәсімі үшін масканы шешу (бір рет пайдаланылған маскалар кәдеге жаратуға жатады), үміткердің тұлғасы сәйкестендірілгеннен кейін жаңа маска киіп, қолды антисептикпен қайта өңдеу керек; бір рет пайдаланылған медициналық маскаларды қақпақтары жабық жәшіктерге лақтыру керек», делінген хабарламада. Барлық 20 Назарбаев Зияткерлік мектептер үшін тіркеу Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 09:31 және 14:31-де жабылады, үміткерлерді аталған уақыттан кейін кіргізуге рұқсат берілмейді. «Үміткерде COVID-19 симптомдары болған жағдайда (құрғақ жөтел, жоғары дене қызуы, тыныс алу қиындығы, ентігу және т. б.), конкурстық іріктеуге қатыспауыңызды, 103 телефон нөмірі арқылы «жедел жәрдем» шақырып, денсаулық сақтау ұйымдарымен хабарласып, өз-өзіңізді оқшаулауды сұраймыз», деп көрсетті мектептің баспасөз қызметі.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)