Балабақшаларда санитарлық талаптар қалай сақталады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Балабақшаларда санитарлық талаптар қалай сақталады
ашық дереккөз

Балабақшалар  кезекші топ режимінде іске кірісер алдында жеке қорғаныс құралдарын толықтай сатып алды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Кезекші топтар ашылғанға дейін балабақшалар жеке қорғаныс құралдарын, яғни маска, қолғап секлді заттарды сатып алды. Әзірленген алгоритмге сәйкес осы нормаларды сақтау тәртібі бар, тәрбиешілер осы нормалар бойынша барлық қауіпсіздік шараларын сақтайды», - деп түсіндірді қалалық Білім басқармасы басшысының м.а. Лаура Әлеуханова «Хабар 24» телеарнасына. Оның айтуынша, барлық балабақшаларға дайындық жұмыстары кезінде санитайзерлер, дезинфекциялық құралдар және басқа да қорғаныс құралдары орнатылған.