00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада үш көлік соқтығысты

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада үш көлік соқтығысты
ашық дереккөз

«20 қараша күні кешкі сағат 23.35-те «Мерседес» маркалы автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі Б.Момышұлы даңғылынан М.Жұмабаев көшесіне бұрылған кезде рульге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Салдарынан қарсы бағыттан тура келе жатқан «Киа» және «Лада» маркалы екі автокөлікпен соқтығысты», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Апат салдарынан «Киа» және «Мерседес» жүргізушілері ауруханаға жеткізілді. Соңғысы дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне жіберілді.

«Аталған фактінің мән-жайы анықталып жатыр. Полиция департаменті жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтауды және жолдарда өте мұқият болуды ескертеді», дейді полиция департаментінің өкілі.