2023 жылы Байқоңыр ауданындағы «Кирпичный» тұрғын алабына газ беріледі
«Мен «Кирпичный» тұрғын алабының тұрғындарына разымын. Олай дейтін себебім, олардың белсенділігінің арқасында көптеген мәселелер реттеліп жатыр. Біріншіден, денсаулық сақтау нысандары бойынша осы жылы күрделі жөндеу жұмысы жүргізілуде. Екіншіден, жолдарды асфальттау бойынша да жақсы жұмыс істедік. Дегенмен асфальттайтын 3 көше қалды. Сонымен қатар «Бюджетке қатысу» жобасы арқылы балалар ойнайтын үлкен алаң жасадық. Келесі жылы мектеп салатын боламыз. Ал газдандыру мәселесіне келсем, оны 2023 жылы қосуды жоспарлап отырмыз», – деді Н. Нұрсағатов.
Аудан әкімінің айтуынша, әкімдік қар тазалау жұмыстарына толықтай дайын.
«Нысандардың бәрін аралап көрдім. Қар тазалау жұмыстары бойынша 13 мердігер ұйым бар. Онда 260-тай техникамыз бен қажетті материалдарымыз дайын тұр. Жекеменшік үй, көпқабатты үй айналасындағы қарды тазалауға 100 пайыз дайынбыз», – деді ол.