«Алтын сапа» конкурсының жеңімпаздары марапатталды
«Мемлекет пен бизнестің міндеті – бәсекеге қабілеттілік пен өнімділікті бірлесіп арттыру, заманауи сапа жүйесін енгізу. Кәсіпорындардағы бизнес-процестердің диагностикасы осы саладағы жаһандық үрдістерге сәйкес келуі керек. Ең алдымен, сөз Индустрия 4.0 элементтерін цифрландыру және пайдалану туралы болып отыр. Осыған байланысты, «Алтын сапа» байқауының талаптарын еуропалық сапаны басқару стандартының жаңа моделіне сәйкес кезең-кезеңмен келтіру қажет. Сіз үздік халықаралық модельдер мен тәжірибелерге сай болуыңыз керек», – деді марапаттау рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
ҚР Президентінің «Алтын сапа» арнайы сыйлығын премьер-министр Асқар Маминнің қолынан екі қазақстандық кәсіпорын: «Үздік индустриялық жоба» номинациясы бойынша «YDD Corporation» ЖШС (Қарағанды облысы) және «Үздік инновациялық жоба» номинациясы бойынша «Агрофирма TNK» ЖШС (Ақмола облысы) алды.
«Агрофирма TNK» ЖШС бас директоры Батырбек Уәлиевтің айтуынша, компания екінші рет беделді марапатқа ие болып отыр. Алғаш рет «Алтын сапа» мүсіншесі және 2016 жылы «Ең үздік агрофирма кәсіпорны» атағын жеңіп алды.
«Бұл көрші нарықтарға шығу үшін іскерлік байланыс орнатуға көмектесетін мәртебелі марапат. Біздің өнімдерге құзығушылық танытқан елдер біз көрсетіп және ел ішінде растап отырған сапаға қызығушылық танытады. Бүгінде компаниялар өнімдерінің 70%-ы экспортқа бағдарланған», – деді Батырбек Уәлиев.
Бүгінде «Алтын сапа» – кәсіпкерге өз кәсіпорнын бағалау құралы, халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін лидерлермен әлеуетті салыстыру, мықты және осал тұстарды анықтау, қызметті жақсарту бойынша іс-шараларды жоспарлаудың мүмкіндігі.
«Бүкіл әлемде сапа – бәскелік артықшылықтарға қол жеткізудің басты факторына айналды. Сапа жолға қойылған өндіріс қана емес, сапа – еңбек ұжымы мен кәсіби мененджмент үйлесімі. Біз кәсіпкерлердің өз өндірісін бағалауға деген ынтасын көріп отырмыз. Бізге байқау тізіміне қоспай, бағалау ғана жүргізуді сұраған өтінімдер жиі келіп түседі. Ең алдымен компаниялар өзін-өзі бағалайды, тоғыз критерий бойынша есеп береді. Содан кейін бағалауды өңірлік деңгейдегі сарапшылар, содан кейін «Атамекен» ҰКП деңгейінде береді. Осыдан кейін финалистер анықталады және сарапшылар кәсіпорынға барады. Сарапшылар компания берген ақпараттың қаншалықты шындыққа сәйкес келетінін зерттейді. Бұл қазақстандық нарықтағы ең үздіктерді анықтауға көмектеседі», – деді «Атамекен» ҰКП жұмыспен қамту департаменті директорының орынбасары Салтанат Әбдікәрімова.
«Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясының лауреаттары «Maker (Мэйкер)» ЖШС (Қарағанды облысы), «БатысМұнайГазЖабдыктары» ЖШС (Батыс Қазақстан облысы ) және «DOC Co.LTD» (Алматы қаласы) марапатталды.
Maker компаниясының басқарма төрағасы Жәнібек Байғабеловтың айтуынша, биыл зауытқа 80 жыл толады, «Алтын Сапа» – зауыт ұжымы үшін маңызды марапат.
«Біз 2019 жылы Президент сыйлығына қатыстық, бірақ содан кейін біздің зауытқа тек ынталандыру сыйлығы берілді. 2 жыл ішінде біз көптеген халықаралық сертификатты алдық, соның ішінде француз, швед серіктестерінен, Ресейге, Өзбекстанға, Қырғызстан мен Әзербайжанға экспортқа шықтық. Ал қазір бұл – екі түрлі зауыт. Біз штат санын ұлғайтпай, өндіріс көлемін 2 есеге арттырып, жаңа технологияларды енгіздік. 2019 жылғы зауыт пен 2021 жылғы зауыт бір-бірінен ерекше, дамыған үздік, екі түрлі кәсіпорын деп нық сеніммен айта аламын», – деп бөлісті Жәнібек Байғабылов.
2021 жылы «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорындар» «ИНВИТРО-Қазақстан» ЖШС (Алматы қаласы), «ТехноГруппСервис» ЖШС (Қарағанды облысы), «THE CHEF delicatessen» ЖК (Нұр-Сұлтан қаласы) болды.
«Қазақстандықтар бізге сынамаларын тапсырып, сеніммен нәтижесін күте алады. Біз өз зертханаларымызға сенімдіміз, біздің салада біз ұстанатын жоғары сапа стандарттары бар. Сондықтан зертханаларымыз барлық халықаралық стандартты сақтап, конкурсқа қатысушы болғанын өзімізге тағы да дәлелдеуді ұйғардық», – деп бөлісті «ИНВИТРО-Қазақстан» ЖШС бас директоры Фуат Дивеев.
«Азық-түлік тауарларын немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясында Алматы облысының «Первый пивзавод» ЖШС, Қызылорда облысының «Абай Дәулет» ЖШС және Жамбыл облысының «Kaz-Ir Agro» ЖШС жеңімпаз атанды.
2021 жылы «Халық үшін тауарлар шығаратын үздік кәсіпорындар» болып Батыс Қазақстан облысынан «Кублей» ЖШС, Шымкент қаласы «ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС, сондай-ақ Қызылорда облысынан «Алтын Орда» ЖШС танылды.