Каспий теңізіндегі жаңа дақтар: министрлік ақпаратты жоққа шығарды

фото: savethecaspiansea.com
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев Каспий теңізінде мұнай өнімдері бар жаңа дақтарға қатысты ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Кеше «Каспий теңізін сақтайық» жаһандық экологиялық қозғалысы «Каспийдегі ашық әлем» жобасының дерегіне сәйкес, мамырдан бері Sentinel-1A және Sentinel-1 °C спутнигі Каспий теңізінде мұнай өнімдері бар жаңа дақтарды апта сайын тіркеп отырғаны туралы ақпарат тарады.
«Мұндай ақпарат былтыр да әлеуметтік желіде тарады. Бірақ бүгінде Каспий теңізіндегі жаңа дақтарға қатысты дерек тіркелген жоқ»,- деді вице-министр Жомарт Әлиев.
Ұқсас жаңалықтар

26 қыркүйек, 2025
Үш жылда экологиялық заңбұзушылықтар бойынша 185 миллион доллар айыппұл салынған

26 қыркүйек, 2025
«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXI еңбек маусымы жабылды

25 қыркүйек, 2025
«Таза Қазақстан»: елордалық оқушылар Ботаникалық баққа экскурсия жасады

19 қыркүйек, 2025
Қазақстан Қытай компаниясымен су шаруашылығын цифрландыруға байланысты меморандумға қол қойды