«Таза Қазақстан»: елордалық оқушылар Ботаникалық баққа экскурсия жасады

Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ботаникалық бақта мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Есіл» ауданында балалар үшін ерекше танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара барысында бүлдіршіндер Ботаникалық бақтың оранжереясына барып, онда өсетін сан алуан экзотикалық өсімдіктермен танысты.
Аталған іс-шара жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеуге бағытталады.
Айта кетейік, Астанада Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day) және «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық айлығы аясында өткен ауқымды жалпықалалық сенбілікке 100 мыңнан астам адам қатысқан болатын.
Ұқсас жаңалықтар

19 қыркүйек, 2025
Қазақстан Қытай компаниясымен су шаруашылығын цифрландыруға байланысты меморандумға қол қойды

18 қыркүйек, 2025
«Ворошиловское» су қоймасы мемлекетке қайтарылды

17 қыркүйек, 2025
Ақмола облысында жаңа гидротехникалық құрылыс салынып жатыр

15 қыркүйек, 2025
2026 жылы Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі іске қосылады