Президент бірқатар ауыс-түйіс жасады

Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мемлекет басшысының өкімімен Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды.
Бақытжан Шаймұхаметұлы Сапиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Әлихан Қайыргелдіұлы Жамсатов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Күнсұлу Дальтонқызы Закария Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі лауазымынан босатылды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:11
Қанат Шарлапаев Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды

Бүгін, 17:07
Тамара Дүйсенова Президенттің көмекшісі лауазымынан босатылды

23 қыркүйек, 2025
Президент Сауд Арабиясы Корольдігінің ұлттық мейрамына орай құттықтау жеделхаттарын жолдады

22 қыркүйек, 2025
Қазақстан өңірлік академиялық және ғылыми-зерттеу хабына айналып келеді – Мемлекет басшысы