Президент Сауд Арабиясы Корольдігінің ұлттық мейрамына орай құттықтау жеделхаттарын жолдады

Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың және өзінің атынан Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман Әл Саудты және барша сауд халқын осы елдің Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Президент Сауд Арабиясы еліміздің араб әлемі мен Таяу Шығыс өңіріндегі сенімді әрі басты серіктестерінің біріне айналғанына тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Королі мен Сауд Арабиясы Тақ мұрагерінің жауапты қызметтеріне толағай табыс, сауд халқына құт-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар

22 қыркүйек, 2025
Қазақстан өңірлік академиялық және ғылыми-зерттеу хабына айналып келеді – Мемлекет басшысы

22 қыркүйек, 2025
Президент: АҚШ уранның орта есеппен 24 пайызға жуығын біздің елден импорттайды

21 қыркүйек, 2025
Тоқаев Educational Testing Service компаниясының президенті және бас атқарушы директорын қабылдады

21 қыркүйек, 2025
Президент Goldman Sachs Global Institute компаниясының жаһандық мәселелер бойынша президентімен кездесу өткізді