Ерлан Қарин: Американың бизнес капитандарымен болашағы зор жобаларды жүзеге асыруға келісім жасалды

Бүгін, 12:58
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views59
Ерлан Қарин: Американың бизнес капитандарымен болашағы зор жобаларды жүзеге асыруға келісім жасалды
Фото: Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің Telegram арнасында Президенттің АҚШ сапарына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ерлан Қариннің пікірінше, Президенттің Қытайға сапары да табысты болған.

«Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапарында құны шамамен 15 млрд долларға тең 70 келісімге қол қойылды. Президенттің осы жолғы АҚШ сапары да айтарлықтай табысты өтіп жатыр. Американың бизнес капитандарымен болашағы зор бірқатар жобаны жүзеге асыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. Әңгіме Wabtec, PepsiCo, Amazon, Chevron және тағы басқа ірі компаниялар жайында болып отыр. Мәселен, Wabtec компаниясымен құны шамамен 4,2 млрд долларды құрайтын келісім жасалды. Инвестиция тарту бағытында табанды әрі жүйелі жұмыс жүргізілуде», - деді Қарин.