Тоқаев Educational Testing Service компаниясының президенті және бас атқарушы директорын қабылдады

21 қыркүйек, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views67
Тоқаев Educational Testing Service компаниясының президенті және бас атқарушы директорын қабылдады
Фото: Ақорда

Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы ETS компаниясының білімді тестілеу мен бағалау саласында көш бастап келе жатқанына ерекше назар аударды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Президенттің айтуынша, Қазақстан білім беру жүйесінде компанияның тәжірибесін зерделеу мен пайдалануға қызығушылық танытады.

Амит Севак Мемлекет басшысына компанияның халықаралық жұмыс жоспары туралы мәлімет берді. 

Ұйым жылына әлемнің 180 еліне 50 миллионнан аса тест әзірлейді әрі әкімшілендіреді, сондай-ақ ұлттық білім беру жүйесіне арналған бейіндік шешімдерді ұсынады.