Бауыр ауырғанда не істеу керек


Бауыр - әр минут сайын біздің денеміздегі миллиондаған улы заттарды жойып отыратын бірегей зертхана. Бірақ бұл ағзаның өзі ауырғанда ешқандай белгі бермейді. «Үндемейтін» бауырдың ауруын асқындырып алмас үшін, әрине, дәрігерге көрініп, медициналық тексерістерден өтіп тұрған абзал. Ал егер бауырдың жұмысына көмектескіңіз келсе, Elordainfo.kz мұндай жағдайда қандай сусындар мен тағамдарды қолданып, керісінше қандай түрлерінен бас тату керектігі жөніндегі ақыл-кеңестерді ұсынады.
Бауырды қалпына келтірудің ең жақсы әдісі - пайдалы тағамдарды пайдалану
Бауыр жасушаларын қалпына келтіретін тағамдарға көкөністер мен шөптер, жеміс-жидектер, майсыз ет пен балық, майсыз сүт өнімдері, бұршақ дақылдары, жаңғақтар және зәйтүн майы жатады. Бұл тағамдарды күнделікті рационға қосу бауырдың жұмысына оң әсер етуі мүмкін.
Ал зиянын келтіретін тағамдарға не жатады?
Құрамында май, қант және тұзы көп тағамдарды жеуге болмайды. Қуырылған тағамдардан, соның ішінде фаст-фуд тағамдардан аулақ болыңыз. Шикі немесе шала пісірілген теңіз өнімдерін тұтынуға қатаң тыйым салынады.
Көкөністерден шалғам, қырыққабат, тұрыпты қолданудан сақ болыңыз. Тәттілерден шоколад, балмұздақ, қышқыл жеміс-жидектер бауырдың жұмысына кері әсерін тигзіуі мүмкін.
Ағзаның жақсы жұмыс істеуіне көмектесу үшін қандай сусындарды ішуге болады?
Бауырды қалпына келтіру үшін түймедақ инфузиясын ішуге болады. Сусын ағзаға тез сіңіп, оның пайдалы заттарын сіңіреді. Сондай-ақ таңертең лимон қосылған су ағзаның жұмысын реттейді. Сонымен қатар мұндай жағдайда лимон мен зімбір қосылған шай, жалбыз сусыны, сұлының тұнбасы жақсы әсер етеді.
Бауыры ауыратындарға ішуге болмайтын сусындар қандай?
Бұған шай, кофе,сүт, кілегей және барлық газдалған сусындар жатады.