Мектеп оқушысы Орта Азия бойынша информатикадан үздік деп танылды

14 мамыр, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Мектеп оқушысы Орта Азия бойынша информатикадан үздік деп танылды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

7–13 мамыр аралығында Ташкент қаласында математика және информатика пәндерінен III Халықаралық Әл-Хорезми олимпиадасы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысынан «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Алдияр Амангелді алтын медаль жеңіп алып, тоғыз елден келген 200-ден астам дарынды оқушы арасынан ең үздік қатысушы атанды.

 Біздің елдің құрамасы 100% нәтижеге қол жеткізді – алты қатысушының барлығы жүлдемен оралды:

 Алдияр Амангелді – Өскемен қаласынан «Білім-инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;
 Әли Мендеке – Семей қаласынан «Білім-инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;
 Мейірбек Мұрат – Орал қаласынан НЗМ-нің 9-сынып оқушысы;
 Медеу Жұбатыров – Ақтау қаласынан «Білім-инновация» лицейінің 8-сынып оқушысы;
 Айдайбек Абдурахман – Тараз қаласынан «Білім-инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;
 Нұрислам Дүйсенғали – Алматы қаласынан РФММ-нің 9-сынып оқушысы.

 Команданың жаттықтырушылары — Ибрагим Ибатулин мен Жамбыл Максотов.

 Әл-Хорезми олимпиадасы Орталық Азия жастарының зияткерлік әлеуетін дамытуға және нақты ғылымдарды насихаттауға бағытталған. Өткен жылы біздің оқушылар 4 медаль жеңіп алған болатын.