Референдум-2026

Жыл соңына дейін тауарларды қадағалаудың бірыңғай цифрлық жүйесі қалыптастырылады

4 тамыз, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Жыл соңына дейін тауарларды қадағалаудың бірыңғай цифрлық жүйесі қалыптастырылады
Фото: istockphoto.com

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов отандық өнімнің үлесін объективті бағалау және мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру үшін тауарлардың толық цифрлық қадағалануын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Cенімді деректерсіз отандық өнімнің нақты үлесін және мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін бағалау мүмкін емес.

Сауда министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жыл соңына дейін Ұлттық тауарлар каталогі негізінде тауарларды қадағалаудың бірыңғай цифрлық жүйесін қалыптастыруды аяқтасын», - деді Премьер-министр.

Аталған жүйені Мемлекеттік кірістер комитетінің деректерімен, Отандық тауар өндірушілердің тізілімімен және басқа да ақпараттық жүйелермен интеграциялау міндеті қойылды.

Еске салсақ, Үкімет мал шаруашылығы жобаларын несиелендіруді кеңейтеді.