«Zertte» педагогикалық ғылыми-зерттеу журналы халықаралық ISSN нөмірін алды
Әдістемелік орталығының «Zertte» республикалық педагогикалық ғылыми-зерттеу журналыхалықаралық ISSN жүйесінде ресми тіркеуден өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
Тіркеу нөмірін Францияның Париж қаласында орналасқан Халықаралық ISSN орталығы берді. ISSN нөмірі журналдың мерзімді басылым ретінде халықаралық стандарттарға сәйкестігін растайды және оны әлемдік ақпараттық-библиографиялық жүйелерде бірегей түрде сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Zertte журналы Оқу-ағарту министрлігінің педагогтердің зерттеушілік қызметі нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар реестріне енгізілген.
Журналда жарияланатын мақалалар редакциялық алқа мүшелерінің қатысуымен жүргізілетін қосжақты жабық рецензиялау (double-blind peer review) рәсімінен өтеді. Бұл рәсім жарияланымдардың сапасын, объективтілігін және академиялық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Журнал редакциясы жарияланым сапасын арттыру және педагогтердің зерттеушілік мәдениетін дамыту бағытындағы жұмысын жалғастырады.
ISSN: 3107-0817
