Жасөспірімдер қылмысы 30%-ға төмендеді - ІІМ

Бүгін, 13:56
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Жасөспірімдер қылмысы 30%-ға төмендеді  - ІІМ
Фото: ОКҚ

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ғалым Сарғұлов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы баяндады, деп хабарлады Elordainfo.kz ОКҚ-не сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы әзірленіп, бекітілді, акциялар, тұрғылықты жері бойынша бару, мектептерде дәрістер, «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім» және т. б. жедел-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылады.

«Әрбір мектепке полиция қызметкерлері бекітілген. Бұл бұзушылықтарды уақытылы анықтауға мүмкіндік береді. Құқықтық түсіндіру сабақтары ұйымдастырылып, «Ерлік сабағы» және жеке қауіпсіздік бойынша дәрістер өткізіледі. Осы шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері жасөспірімдер қылмысы 30%, ал олардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар 2,1%-ға төмендеді», - деді спикер.

Бұған дейін елорда тұрғыны көлік сатып аламын деп 16 млн теңгесінен айырылып қалғанын жаздық.