Қытайдың Чэнду қаласында Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша 2026 жылғы Аустралия ашық чемпионатына арнайы іріктеу турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс бастапқы үш кездесуін жеңіспен аяқтады.
Кілең жергілікті спортшылармен кортқа шыққан Зарина алдымен Яо Синьсиньді 6:3, 6:4 есебімен тізе бүктірді.
Одан кейін ширек финалда Жан Жунханьға мүмкіндік қалдырмады — 6:3, 7:5.
З.Дияс жартылай финалда Хань Шимен шеберлік байқасты. Бес брейкке қол жеткізген Зарина қарсыласын 6:1, 6:3 есебімен ұтты. Ши бір ғана брейкпен көзге түсті.
Осылайша, Зарина Дияс сенбі күні финалда Аустралия ашық чемпионатының жолдамасы үшін таласады.