Жаңа Конституция жобасы ғылым мен адам әлеуетін дамытуға жол ашады — академик Эрлан Батырбеков

Жаңа Конституция жобасы ғылым мен адам әлеуетін дамытуға жол ашады — академик Эрлан Батырбеков
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі Эрлан Батырбеков жаңа Конституция жобасы еліміздің жетекші сарапшыларының қажырлы еңбегінің жемісі екенін атап өтті. Құжат барлық негізгі бағыт бойынша  ілгерілеудің негізін қалайды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап..

«Жаңа Конституция жобасы – Қазақстаннның 100-ден астам үздік өкілі, еліміздің одан әрі дамуына қажетті барлық бағыт пен саладағы ең кәсіби мамандар  әзірлеген дер кезінде жасалған және жан-жақты пысықталған құжат. Ғалым ретінде мені ғылым, инновация және адам әлеуетінің дамуы көптеген мақаланың ортақ тақырыбына айналып отырғаны қуантады. Ғылым мен инновацияны тану жастардың ғылымның болашағымыз екенін түсінуіне ықпал етеді», — деп атап өтті Эрлан Батырбеков.

Еске салсақ, бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық ғылым академиясының әлеуетін экономиканың түрлі саласын дамытуға тарту мәселелері бойынша кеңес өткізді.