Жамбыл облысында шетелдік дәріні заңсыз сақтаған стоматологиялық кабинетке айыппұл салынды

Бүгін, 08:53
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Жамбыл облысында шетелдік дәріні заңсыз сақтаған стоматологиялық кабинетке айыппұл салынды
Фото: freepik.com

Жамбыл облысы Сарысу аудандық соты тіркелмеген, қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік заттарды сақтау фактісі бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Жамбыл соттары баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жүргізілген тексеру нәтижесіне сәйкес, Сарысу ауданының стоматологиялық кабинеттерінің бірінде Қазақстан аумағында тіркелмеген дәрілік заттарды сақтау жүзеге асырылғандығы анықталды. Шетелдік өндірісті (Армения, Ереван қ.) тері астына енгізуге арналған дәрілік зат табылды. Оны сатып алғанын растайтын құжаттар жоқ.

ЖШС-ның өкілі кінәсін мойындап, бұл дәріні жеке пайдалану үшін сатып алынғанын түсіндірді.

Сот кінәсін мойындауын және құқық бұзушылықты алғаш рет жасауын ескере отырып, айыппұл мөлшерін 30%-ға азайтты.

Сот қаулысымен «Б» ЖШС ӘҚБтК 426-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған қызметін 10 тәулікке тоқтата тұрып және көрсетілген дәрілік заттарды тәркілей отырып, 605 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Еске салайық, бұдан бұрын елімізде дәрі-дәрмектің бағасы мемлекеттік реттеу барысында төмендегені туралы жаздық.