04.12.2025
RU
Мәзір

ТЖМ Алматы бойынша сейсмикалық болжам жасады

|
ТЖМ Алматы бойынша сейсмикалық болжам жасады
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Ерік Әліпұлы Алматыдағы сейсмикалық жағдай туралы айтып берді, деп хабарлады Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«2025 жылғы 4 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 12:44-те Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді. Қалыптасқан сейсмикалық жағдайды талдай келе, 2025 жылғы 4 желтоқсанда сағат 15:00-де Алматы болжау полигонында сейсмикалық жағдай тұрақты екенін атап өтеміз. Алматы болжамдық полигонының аумағында МСК-64 К сейсмикалық шкаласы бойынша қатты жер сілкінісі күтілмейді», деді Ерік Әліпұлы.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 4 желтоқсанда сағат 12:44-те Астана уақыты бойынша Алматы, Алматы облыстары, Жетісу және Жамбыл облыстарында жер сілкінісі тіркелген. Қиратулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат болған жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗