04.12.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Алматыда тағы жер сілкінді

|
Photo: depositphotos.com
Алматыда тағы жер сілкінді
Фото: depositphotos.com

Алматыда тағы жер сілкінді

|

Бүгін, 4 желтоқсанда алматылықтар жер сілкінісін сезді, деп хабарлады Elordainfo.kz ТЖМ мәліметтеріне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі мәліметінше, Астана уақытымен сағат 12:44-те жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 277 км. жерде орналасқан.

«Жер сілкінісінің координаттары 41.021 солтүстік ендік, 78.387 шығыс бойлық. Тереңдігі – 5 км. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 14.0. Магнитуда MPV6.7», - делінген хабарламада.

Жер сілкінісі сезілуінің (MSK-64 шкаласы бойынша) есептік қарқындылығы:

Алматы – 3 балл.

Алматы облысы Кеген ауданы Саты ауылы – 3 балл.

Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылы 3 –балл.

Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылы – 3 балл.

Алматы обл. Райымбек ауданы. Нарынқол ауылы – 3 балл.

Алматы обл. Талғар ауданы Талғар қаласы – 3 балл.

Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауданы. Көкпек ауылы – 3 балл

Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Түрген ауылы – 3 балл.

Алматы обл. Ұйғыр ауд. Қырғызсай ауылы – 3 балл.

Алматы обл. Қарасай ауд. Қаскелең қаласы – 3 балл.

Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Маловодное ауылы – 3 балл.

Алматы обл. Ұйғыр ауд. Ж. Қайыпов ауылы – 3 балл.

Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Шелек ауылы – 3 балл.

Алматы обл. Іле ауд. Өтеген-Батыр ауылы – 2 балл.

Алматы обл. Жамбыл ауд. Қарғалы ауылы – 2 балл.

Алматы обл. Іле ауд. Боралдай ауылы – 2 балл.

Алматы обл. Ұйғыр ауд. Шонжы ауылы – 2 балл.

Алматы обл. Жамбыл ауд. Ұзынағаш ауылы – 2 балл.

Алматы обл. Алатау (Жетіген) қаласы – 2 балл.

Алматы обл. Қонаев қаласы – 2 балл.

Жетісу обл. Кербұлақ ауд. Сарыөзек ауылы – 2 балл.

Жетісу обл. Панфилов ауд. Жаркент қаласы – 2 балл.

Жамбыл обл. Қордай ауд. Қордай ауылы –2 балл.

Жетісу обл. Текелі қаласы – 2 балл.

Айта кетейік, 26 қарашада да Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінгенін хабарлаған болатынбыз. 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗