Түркістан облысында жұмыс берушінің қателіктерінен жас ана әлеуметтік көмектен қағыла жаздаған

Бүгін, 17:19
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Түркістан облысында жұмыс берушінің қателіктерінен жас ана әлеуметтік көмектен қағыла жаздаған
фото: Оңалхан Өнерхан

Түркістан облысының мамандандырылған әкімшілік соты әлеуметтік әділдікті қалпына келтіріп, ана мен баланың құқықтарын қорғау туралы маңызды шешім қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Түркістан соттарына сілтеме жасап. 

Жас ана әлеуметтік төлем тағайындаудан бірнеше рет бас тартуға ұшыраған.
Өйткені мемлекеттік орган төлемдерді жұмыс беруші жіберген қателіктермен байланыстырып, баланы күтуге арналған әлеуметтік көмектен айырмақ болған.

«Сот істі жан-жақты зерттеп, негізгі қағидатты нақты айтты: жұмыс берушінің кемшіліктері үшін ана мен бала жапа шекпеуі тиіс», - делінген хабарламада. 

Ал анасының нақты жұмыс істегені дәлелденді. Әлеуметтік және зейнетақы аударымдары төленген. Баланың туғаны заңды түрде расталған.
Осыған байланысты сот мемлекеттік органның бас тартуын заңсыз деп танып, бала 1,5 жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тағайындауды міндеттеді.
Шешім заңды күшіне 6 қаңтар 2026 жылы енді.

Еске салайық, бұдан бұрын 50 келіден астам есірткі сатқан 4 жамбылдықтың бас бостандығынан айырылғаны туралы жаздық.