50 келіден астам есірткі сатқан 4 жамбылдық бас бостандығынан айырылды

Бүгін, 15:21
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
50 келіден астам есірткі сатқан 4 жамбылдық бас бостандығынан айырылды
Фото: freepik.com

Шу аудандық соты аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз иемденіп, сақтағаны үшін кінәлі деп танылған Қордай ауданының төрт тұрғынына қатысты айыптау үкімін шығарды, деп хабарлады Elordainfo.kz Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тергеу барысында 53,6 кг марихуана тәркіленді. Сотталушылар бұған дейін де осындай ауыр қылмыстар үшін сотталған болып шықты. Олар өз кінәларын мойындамағанына қарамастан, мемлекеттік айыптаушы әрқайсысының қылмысқа қатысын және рөлін толық дәлелдеп шықты. Қылмыстың қайталануын және бұрынғы соттылықтарын ескере отырып, сот оларға 7 жылдан 11 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», - деп жазылған хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Жамбыл облысында тұрғыннан 43 келіден астам марихуана тәркіленгенін жаздық.