Бүгін Түркиядағы қазақстандықтар да Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беруде, деп хабарлайды Elordainfo.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Дауыс беру учаскелері таңғы сағат 7:00-де өз жұмысын бастады. Түркиядағы қазақстандықтар өз таңдауын жасап, дауыс беруге кірісті. Мұнда 2 мыңға жуық азамат дауыс беру құқығына ие», - делінген хабарламада.
Анкара, Ыстанбұл, Анталия, Измир қалаларында сайлау учаскелері кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Еске салайық, бұған дейін қазіргі уақытта әлемнің 40-тан астам елінде сайлау учаскелері жұмыс істеп жатқаны туралы жаздық.