СІМ: Қазіргі уақытта әлемнің 40-тан астам елінде сайлау учаскелері жұмыс істеп жатыр

СІМ: Қазіргі уақытта әлемнің 40-тан астам елінде сайлау учаскелері жұмыс істеп жатыр
Фото: СІМ

Жапония мен Оңтүстік Кореядан кейін Қытай, Сингапур, Моңғолия, Малайзия, Таиланд, Вьетнам және Индонезияда сайлау учаскелері өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Дауыс беру процесі сондай-ақ Ресей, Үндістан, Әзербайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстан, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Сауд Арабиясы, Түркия, Беларусь, Латвия, Литва, Эстония, Грекия, Болгария, Румыния, Чехия, Польша, Хорватии, Нидерланд, Финляндия, Швеция, Норвегия, Молдова, Иордания, Қатар, Кипр, Ливан, Кувейтте және т.б. елдерде белсенді түрде жүріп жатыр.

Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері жанынан 61 мемлекетте 79 сайлау учаскесі құрылды. Тіркелген сайлаушылардың жалпы саны - 11 402 адам.