СІМ: Шетелдердегі 26 сайлау учаскесі жұмысын бастады

СІМ: Шетелдердегі 26 сайлау учаскесі жұмысын бастады
Фото: ОСК

Қазақстанның 61 мемлекеттегі мекемелері жанынан 79 сайлау учаскесі құрылды. Бұл туралы  ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары
Арман Исетов мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға шетелде жүрген азаматтарымыздың конституциялық құқықтарының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері жанынан 61 мемлекетте 79 сайлау учаскелері құрылды.

«Тіркелген сайлаушылардың жалпы саны - 11 402 адам.
Сағат 08:00-дегі жағдай бойынша шетелде 26 сайлау учаскесі ашылды. Алғашқы болып дауыс беруді Токио мен Сеул қалаларындағы отандастарымыз бастады (Астана уақытымен сағ. 03:00-де). Жалпы, осы уақытқа дейін сайлау учаскелеріне келіп дауыс бергендер саны - 228 адам», деді Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Еске сала кетсек, Оңтүстік Корея мен Жапонияда Құрылтай сайлауына арналған учаскелер ашылды.