Оңтүстік Корея мен Жапонияда Құрылтай сайлауына арналған учаскелер ашылды

Оңтүстік Корея мен Жапонияда Құрылтай сайлауына арналған учаскелер ашылды
Фото: Kazinform

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Құрылтайдың алғашқы сайлауында дауыс беруге арналған сайлау учаскелері Оңтүстік Корея мен Жапонияда ашылды. Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары алғашқылардың бірі болып дауыс беру мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Дауыс беру мүмкіндігіне алғашқылардың бірі болып Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар ие болады.

Сеулде № 422 және Токиода № 425 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де дауыс беру үшін бірінші болып ашылды.

Қазақстаннан тыс жерде орналасқан барлық сайлау учаскелері Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері аумағында ұйымдастырылған.

Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары елдің дипломатиялық өкілдіктері жанынан құрылған сайлау учаскелерінде өздерінің сайлау құқығын пайдаланып, дауыс бере алады.

Еске сала кетсек, Астанада барлық сайлау учаскелері жұмысын бастады.