Құрылтай сайлауы – 2026: Астанада сайлау учаскелері жұмысын бастады

Құрылтай сайлауы – 2026: Астанада сайлау учаскелері жұмысын бастады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада сағат 07:00-де 517 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Таң атқалы сайлау учаскелеріне дауыс беру үшін келген қала тұрғындарының белсенділігі байқалады, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сайлау учаскелерінде азаматтардың барлық санатына, оның ішінде ерекше қажеттілігі бар адамдарға дауыс беру үшін қажетті жағдай жасалған. Сондай-ақ денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне бара алмайтын азаматтар өз тұрған жерінде дауыс бере алады.

Айта кетейік, астаналықтар өз сайлау учаскесінің мекенжайын бірнеше жолмен біле алады:
– ресми веб-сервис арқылы: https://sailau.astana.kz;
– Telegram чат-боты арқылы: https://t.me/sailau_astana_bot⁠;
– 109 нөмірі бойынша бірыңғай iKomek байланыс орталығы арқылы.

Фото. Астана қаласы әкімдігі

Сондай-ақ бүгін, 23 тамызда, Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесімен, қалалық, экспресс және қала маңындағы қоғамдық көлікпен қатынау тегін екенін атап өткен жөн. Бұл шара тұрғындардың емін-еркін жетуіне жағдай жасап, сайлау учаскелеріне баруын барынша қолайлы етуге бағытталған.