Тоқаев Канаданың жаңа Генерал-губернаторына құттықтау жеделхатын жолдады
10 маусым, 2026
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Канада Генерал-губернаторы Луиза Арбурға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Канаданың жаңа Генерал-губернаторы Луиза Арбурды лауазымына ресми түрде кірісуімен құттықтап, оның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Канада халқына бақ-береке тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қазақстан Канадамен сан қырлы серіктестікті нығайтуға бейіл әрі қос халықтың мүддесі үшін тығыз ықпалдастыққа әзір.
Ұқсас жаңалықтар
18 қыркүйек, 2026
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
16 қыркүйек, 2026
Ерлан Қарин ішкі саясаттағы үш басым бағытты нақтылап берді
16 қыркүйек, 2026
Тоқаев: Қазақстан Кореямен AI мамандарын даярлау бағдарламасын іске қосуға дайын
16 қыркүйек, 2026
Президент Корея компанияларын жаңа мұнай-газ өндірістерін ашуға шақырды