Шу мен Тараз арысына қосымша электрпойыз қатынайды

Шу мен Тараз арысына қосымша электрпойыз қатынайды
Фото: Жолаушылар тасымалы компаниясы

Наурыз мерекесі кезінде жолаушылар ағынының артуына байланысты «Шу – Тараз» бағытында қосымша электрпойызы тағайындалады, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Жолаушылар тасымалы» компаниясына сілтеме жасап.

Электрпойыз 21, 22, 23, 28, 29 және 30 наурыз күндері қатынайды. Бұл жолаушылар үшін көлік қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қозғалыс кестесі

Шу стансасынан:

 • жөнелту — 05:00

 • Тараз стансасына келу — 08:41

Тараз стансасынан:

 • жөнелту — 12:40

 • Шу стансасына келу — 16:22

Электр пойызының құрамы 2 және 3 класты 4 вагоннан тұрады. Пойыздың жалпы сыйымдылығы 352 отыратын орын. Жол жүру құны

2 класс үшін 3 562 теңге, 3 класс үшін 2 946 теңге.

Еске сала кетсек, Наурыз мейрамы қарсаңында қала маңындағы пойыздарға қосымша орындар қосылатынын хабарлаған едік.