Наурыз мейрамы қарсаңында қала маңындағы пойыздарға қосымша орындар қосылады

Бүгін, 15:57
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Наурыз мейрамы қарсаңында қала маңындағы пойыздарға қосымша орындар қосылады
Фото: ҚТЖ

Наурыз мейрамы қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша электрпойыздарды іске қосып, бірқатар пойыздардың құрамын ұлғайтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Мереке күндері келесі қосымша қала маңындағы пойыздар қатынайды:

• 20 және 21 наурыз – №7510 «Астана – Павлодар» электрпойызы;

• 25 наурыз – №7509 «Павлодар – Астана» электрпойызы;

• 25 наурыз – №6803/6804 «Астана – Атбасар» электрпойыздары;

• 25 наурыз – №887/888 «Нұрлы жол – Бурабай курорты» электрпойызы.

Сонымен қатар 20, 22 және 24 наурыз күндері №606/605 «Қарағанды – Балқаш» жолаушылар пойызының құрамына екі қосымша вагон (1 купе және 1 плацкарт) тіркеледі.

Нәтижесінде жолаушыларға қосымша 2 177 орын ұсынылады. Бұл мереке күндері теміржол тасымалына деген жоғары сұранысты қамтамасыз етіп, жолаушылардың сапарын барынша жайлы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан, сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан комиссиясыз сатып алуға болады. Қосымша ақпаратта 1433 нөмірі арқылы беріледі.

Еске сала кетейік, елордада LRT билетінің құны 200 теңге болады.