Су добы: Қазақстан ерлер құрамасы екінші рет жеңіске жетті

Бүгін, 18:11
Думан Аманжол Думан Аманжол
Су добы: Қазақстан ерлер құрамасы екінші рет жеңіске жетті
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитеті

Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан жағажайдағы Азия ойындарында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Отандастарымыз бүгін Гонконг құрамасымен кездесті.

Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша ойын тең аяқталды (4:1, 6:2, 2:3, 0:1). 

Бірақ пенальти сериясында қазақстандықтар 2:1 есебімен басым түсіп, жеңісті суырып алды. Бұған дейін ұлттық құрама Таиландты жеңген болатын.

Айта кетейік, Саньяда су добы бәсекелері айналмалы жүйе бойынша өтуде. Ерлер арасындағы жарысқа алты құрама қатысып жатыр.

Қазақстан келесі матчын 27 сәуірде, Иран құрамасына қарсы өткізеді.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан күміс жүлдегер атанды