Header Banner

Астана әкімі мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді

Астана әкімі мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді. Қала әкімі бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Бүгін мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс бердім. Бұл – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға.

Сайлау – әр азаматтың өз ұстанымын білдіріп, қаланың одан әрі дамуына үлес қосуына мүмкіндік беретін маңызды сәт. Мәслихат елорда мен оның тұрғындарының өміріне тікелей әсер ететін мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады.

Астанада дауыс беру үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Сайлау учаскелері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр», - деп жазды Астана әкімі.

Еске салсақ, бүгін барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына 120 мыңнан астам әскери қызметші дауыс берді.