Header Banner

Әскери қызметшілер мәслихат депутаттарын сайлауға қатысты

Әскери қызметшілер мәслихат депутаттарын сайлауға қатысты
Фото: Қорғаныс министрлігі

29 қарашада өткен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына 120 мыңнан астам әскери қызметші мен олардың отбасы мүшелері қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Гарнизондарда дауыс беруді ұйымдастыру үшін 24 жабық сайлау учаскесі ашылды. Ол жерде мерзімді қызметтегі сарбаздар, әскери оқу орындарының курсанттары және іс-сапарға жіберілген әскери қызметшілер дауыс берді. Ал офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен Қарулы күштердің азаматтық персоналы тұрғылықты жері бойынша дауыс беру мүмкіндігін пайдаланды.

Осылайша, жеке құрамның әрбір санаты өз конституциялық құқығын пайдаланып, сайлауға қатысуына барлық жағдай жасалды.

Еске салсақ, Ұлттық ұлан сарбаздары мәслихат депутаттарын сайлауға қатысты.